Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат!
Өткенге тағзым – ұрпаққа аманат Бүгін №108 мектеп-гимназиясында Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына орай, соғыс ардагерлерімен «Ерлік – елге мұра» атты тағылымы мол кездесу кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, тарихтың ақтаңдақ беттерін ұмытпау және Отан алдындағы борышын адал атқарған батырларымызды ұлықтау. Мектеп өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ардагерлерге құрмет көрсетті. "Бейбітшіліктің қадірін білу — әрбір жас ұрпақтың парызы.