1 наурыз - Алғыс айту күні!
1 наурыз – Алғыс айту күні құтты болсын! 🇰🇿 Құрметті достар, әріптестер мен оқушылар! Баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен келетін ерекше мерекемен құттықтаймыз. Алғыс айту күні — бұл еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара сенім мен құрметтің символы. Бұл күні біз өткен тарихымызға тағзым етіп, бүгінгі берекелі бірлігіміз үшін шүкіршілік етеміз. Мектебіміздің ұжымы әрбір ата-анаға сенім білдіргені үшін, әрбір оқушыға ізденісі үшін алғыс білдіреді. Шаңырақтарыңыздан бақ-береке кетпесін!