«Көркем сөз шеберлері»
Мектебімізде жас таланттардың басын қосқан «Көркем сөз шеберлері» атты оқушылар арасындағы мәнерлеп оқу жарысы өз мәресіне жетті. Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру.