«Тазару күні»
Табиғат – тал бесігіміз: №108 мектеп-гимназиясында «Тазару күні» өтті Наурыз мейрамының рухани және экологиялық мәнін аша түсетін Тазару күні біздің мектеп-гимназиямызда жоғары деңгейде атап өтілді. Халқымыздың «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» деген аталы сөзін ту еткен бұл күн қоршаған ортаны тазартуға және экологиялық тәрбиеге бағытталды.