«Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара
Көктемнің шуақты мерекесі мектебімізде салтанатпен атап өтілді! 🌷✨ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана — өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті. Кеш барысында мектеп оқушылары аяулы ұстаздар мен ардақты аналарға арнап ән шырқап, күмбірлеген күй төгіп, мың бұралған билерін тарту етті. 🎶🕺 Мектеп директоры барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шәкірттердің ыстық ықыласы мен мерекелік қойылымдар жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.