«Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі»
Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» атты тағылымы терең ашық сабақ өтті. Іс-шара барысында оқушылар Ұлы Отан соғысында ерлігімен, қайсарлығымен ел жадында қалған батырлардың бейнесін сомдап, әсерлі сахналық қойылымдар ұсынды. Сонымен қатар, хормен орындалған патриоттық әндер Жеңіс күнінің айбыны мен рухын асқақтатып, көрермен жүрегіне ерекше әсер сыйлады.