«Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
Бүгін №108 мектеп-гимназиясында оқушылар мен мектеп ұжымының төтенше жағдайлар кезіндегі дайындығын пысықтау мақсатында «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында кешенді түсіндірме жұмыстары мен практикалық оқу-жаттығу шаралары жүргізілді. Шараның басты мақсаты — кенеттен орын алатын табиғи апат кезінде дүрбелеңге түспей, дұрыс әрі жылдам әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. 📌 Жұмыс барысында келесі шаралар іске асырылды: Теориялық нұсқаулық: Сынып сағаттарында оқушыларға жер