«Мамандық таңдау — болашақты айқындау»
Бүгін №108 мектеп-гимназиямызда жоғары сынып оқушыларына (9, 11-сыныптар) кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар сілтеу мақсатында алдыңғы қатарлы колледж өкілдерімен кездесу өтті. Колледждің оқытушылары мен белсенді студенттерінен құралған топ оқушыларымызға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оқу орнының тыныс-тіршілігін таныстырды.